Құрметті Біржан сал ауданының тұрғындары!
2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді
Сайлаушылар тізімін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жасайтынын сіздердің назарларыңызға жеткіземіз. Тұрақты тіркеуі жоқ не тіркелген жері бойынша дауыс беру күні болуды жоспарлайтын азаматтар дауыс беру күніне дейін 30 күннен кешіктірмей (2026 жылғы 23 шілдеден кешіктірмей) Біржан сал ауданының әкімдігіне (Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, 23 мекенжайы бойынша) өтініш беруі қажет.
Осы құқықты пайдалана алады:
- дауыс беру күні олар тіркелген жерінде болмайтынын білетін азаматтар;
- жоғары және орта арнаулы мекемелерде оқитын және жатақханадан тыс тұратын қаладан тыс студенттер;
- вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар.
Мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға құқығы бар азаматтар тізімдерінің барынша дәйектілігі мақсатында Біржан сал ауданында Call-орталық жұмыс істейді, оған 8 (71639) 21912 телефоны бойынша қоңырау шалып, сайлаушылар тізіміне енгізу және деректердің дұрыстығы туралы ақпарат ала аласыз.
Call-орталықтың жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.