2026 жылғы 3 қарашада «Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде білім беру саласындағы уәкілетті органдар мен еңбек инспекциясы өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Кеңес барысында «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» ҚБ-і арасында 2024 – 2026 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің ережелері талқыланды.
Сонымен қатар, кеңеске қатысушылар еңбек қатынастарына қатысты практикалық мәселелерді қарастырып, тиісті түсініктемелер алды.