«Демалыс»: бес бала қолдау орталығына орналастырылды

«Демалыс»: бес бала қолдау орталығына орналастырылды

 

Ұлытау облысында өткен «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бес бала қолдау орталығына орналастырылды. Полиция бөлімдеріне барлығы 59 кәмелетке толмаған жеткізілді.

Түнгі рейдтер кезінде балалардың заңды өкілдерінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүруінің 42 дерегі анықталды. Бала тәрбиесі мен білім алуына қатысты міндеттерін орындамаудың 17 дерегі бойынша ата-аналардың жауапкершілігі қаралды.

Полиция қызметкерлері профилактикалық бақылаудағы 107 отбасын аралап, балалардың тұрмыс жағдайын тексерді. Іс-шара қорытындысымен төрт жасөспірім мен үш ата-ана профилактикалық есепке алынды.

Баланың қараусыз қалуы оның қауіпке ұрынуына жол ашады. Полиция ата-аналарды баласының жүрген ортасын біліп, бос уақытына көңіл бөлуге және қауіпсіздігін қадағалауға шақырады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1323427?lang=kk