Кездесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының экономикалық және инвестициялық әлеуеті таныстырылып, қаланың географиялық орналасуы, көлік-логистикалық инфрақұрылымы мен кәсіпкерлік саласындағы мүмкіндіктері атап өтілді.
Америкалық компанияларды қалаға тарту, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және жергілікті кәсіпкерлермен іскерлік байланыстар орнату перспективалары қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және инвестициялық әріптестікті нығайтуға мүдделілік білдірілді.