«Жастар – ел болашағы» тақырыбында оқушыларымен танымдық кездесу өткізілді

«Жастар – ел болашағы» тақырыбында  оқушыларымен танымдық кездесу өткізілді

Арқарлы ауылдық округінде жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы З. Канатбекова өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, білімге деген қызығушылығын арттыру және жастардың қоғамдағы рөлін түсіндіру мақсатында «Жастар – ел болашағы» тақырыбында 5-сынып оқушыларымен танымдық кездесу өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға жастардың еліміздің дамуына қосар үлесі, білім мен тәрбиенің маңыздылығы, туған жерге деген сүйіспеншілік және азаматтық жауапкершілік туралы түсіндірілді. Сонымен қатар оқушылар өз ойларын ортаға салып, болашаққа деген мақсаттары мен армандарымен бөлісті. Түрлі сұрақтар қойылып, қызықты пікір алмасу жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты елін сүйетін, білімді, белсенді әрі жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуға ынталандыру. Жастар – еліміздің жарқын болашағы, ал бүгінгі білімді ұрпақ – ертеңгі ел тірегі!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-arkarly/press/news/details/1323419?lang=kk