Атырау облысы ТЖД мобильді волонтерлер тобын оқытты

Атырау облысы ТЖД мобильді волонтерлер тобын оқытты

Оқытудың негізгі мақсаты – волонтерлердің төтенше жағдайларға дайындығын арттыру және қысқы кезеңде халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Оқыту барысында волонтерлерге қыс мезгілінде туындауы мүмкін төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі, қауіпсіздік қағидалары, алғашқы көмек көрсету негіздері және тұрғындар арасында профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша практикалық дағдылар үйретілді.

Алдағы уақытта даярланған мобильді волонтерлер тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізуге жұмылдырылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1323375?lang=kk