Полковник Еркін Отарғалымұлы Бесқарағай ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан әкімі Ділдар Қалиқанұлымен кездесті.
Сапар барысында ауданның өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Төтенше жағдайлар бөлімі мен №16 өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен, арнайы техникалардың дайындығымен танысты.
Сондай-ақ «Семей орманы» МОТР» РММ Канонер филиалының Түмен орманшылығы мен трассалық медициналық-құтқару пунктінің жұмысын көрді.
Сапар қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.