Шымкент қаласында қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстары қолданыстағы қалалық маршруттар бойынша жасалған келісімшарттар негізінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Жыл соңына дейін қалаға 192 жаңа автобус жеткізіледі. Қазіргі таңда екі тасымалдаушы компанияға 50 жаңа автобус жеткізілді. «Радуга-транспорт» ЖШС • Жыл соңына дейін 64 жаңа автобус алу жоспарланған;
бүгінгі таңда 21 автобус жеткізілді;
• автобустар №№ 126, 104, 60, 6, 51 және 67 бағыттарына кезең-кезеңімен шығарылады. «Туркестанская транспортная компания» ЖШС
• Жыл соңына дейін 128 жаңа автобус алу жоспарланған;
• бүгінгі таңда 29 автобус жеткізілді;
• автобустар №12, 35, 92, 103, 135, 27, 74 және 84 бағыттарындағы жылжымалы құрамды жаңартуға бағытталады. Жаңа автобустардың кезең-кезеңімен жеткізілуі қала тұрғындарына сапалы, қауіпсіз және жайлы қоғамдық көлік қызметін көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған. Жылжымалы құрамды жаңарту жұмыс