Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша кездесулер өтті

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша кездесулер өтті

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Құрылтай депутаты Лаура Қарабасова, Халық Кеңесінің мүшесі Сағынғазы Құрманалин және энергетика вице-министрі Ильяс Бахытжан түрлі әлеуметтік топтар мен қоғам өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында Жолдаудың негізгі ережелері, еліміздің дамуының басым бағыттары және әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері талқыланды.

📍 Кездесулер:
▪️ Қ. Жұбанов атындағы университеттің жастарымен және профессорлық-оқытушылық құрамымен;
▪️ Ақтөбе қаласының кәсіпкерлерімен;
▪️ Алға аудандық ауруханасының ұжымымен;
▪️ Алға ауданының қоғам өкілдерімен өткізілді.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының негізгі бастамалары бойынша түсіндірмелер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

#ПрезидентЖолдауы #АқтөбеОблысы #Қазақстан

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1323350?lang=kk