Бәйдібек би даңғылы мен Шағын айналма жол қиылысындағы жолайрықтың эстакада бөлігі техникалық тұрғыда ашылды

Бәйдібек би даңғылы мен Шағын айналма жол қиылысындағы жолайрықтың эстакада бөлігі техникалық тұрғыда ашылды

🔹 Шымкент қаласында Бәйдібек би даңғылы мен Шағын айналма жол көшесінің қиылысындағы жолайрықтың эстакада бөлігінде көлік қозғалысы техникалық тұрғыда ашылды.

🔹 Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың желтоқсан айында басталған. Нысанды толық аяқтау 2026 жылдың соңына жоспарланған.

🔹 Эстакаданың жалпы ұзындығы – 547,61 метр. Жол өткелінің ұзындығы – 184,24 метр, ені – 20 метр. Көлік қозғалысына арналған 4 жолақ қарастырылған. Сонымен қатар, нысанда 3 жерасты жаяу жүргіншілер өткелі бар.

🔹 Қазіргі уақытта негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған. Алдағы уақытта абаттандыру, жайластыру және көпірдің төменгі бөлігіндегі жұмыстар толық аяқталады. 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhol-kolik/press/news/details/1323348?lang=kk