Астана қаласындағы №86 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Гүлім Жұмабай ұлттық спорт түрі – бес асықтан Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жас спортшы жарыста шеберлігі мен табандылығын танытып, қарсыластарынан оза шауып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Бұл – тынымсыз еңбек пен жүйелі дайындықтың жемісі.