Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері брифингке қатысты

Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері брифингке қатысты

        Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері Экология департаменті және «Қазгидромет» РМК өкілдерімен бірлесіп брифингке қатысты.

Брифинг барысында өңірдің экологиялық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде атмосфералық ауаның жай-күйі, экологиялық мониторинг және қоршаған ортаның сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Салалық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуы негізгі экологиялық мәселелерді талқылауға және осы бағыттағы алдағы жұмыстар бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tabigat/press/news/details/1323330?lang=kk