Мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары мен лицензиялау тәртібін түсіндіру

Мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары мен лицензиялау тәртібін түсіндіру

2026 жылғы 3 қарашада білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау тәртібі мен біліктілік талаптарын түсіндіру бойынша онлайн-семинар өткізді. Семинарға Қостанай облысының білім басқармасының өкілдері, білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен әдіскерлері қатысты. Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын негізгі біліктілік талаптары, лицензия алу тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ лицензия алу үшін көзделген қосымшаларды толтыру тәртібі қарастырылды. Қатысушыларға тиісті түсіндірмелер беріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1323328?lang=kk