«QazaqGaz» компаниясының «БОЛАШАҚ» бизнес-орталығында елордалық құтқарушылар өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді.
Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, асханада шартты өрт шығып, жалын кофехана мен күту залына таралған. Шартты өрттің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрады.
Оқу-жаттығу барысында жеке құрамның өртті сөндіру кезіндегі іс-қимылдары, төтенше жағдай туралы дабыл түскен кездегі нысан қызметкерлерінің әрекет ету алгоритмі пысықталды. Сондай-ақ АЛ-55 автосатысының көмегімен ғимараттың жоғарғы қабаттарынан шартты зардап шеккендерді құтқару жұмыстары жүргізілді.
Мұндай оқу-жаттығулар өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері мен нысан қызметкерлерінің төтенше жағдайларға жедел әрекет ету дайындығын арттыруға, сондай-ақ шартты өртті жою кезінде өзара іс-қимыл дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.