Ақтөбеде прокуратураның үйлестіруімен құны 3,5 млрд теңге болатын KAMAZ мультибренд сервистік орталығын электр желісіне қосу мәселесі шешілді.
Бастапқыда инвесторға нысанды 7,5 шақырым қашықтықта орналасқан қосалқы станцияға қосу үшін техникалық шарттар берілген. Бұл жобаны іске асыруға қосымша қиындықтар туғызған.
Ақтөбе қаласы прокуратурасының араласуынан кейін техникалық шарттар қайта қаралды. Нәтижесінде нысанды жақын маңдағы қалалық электр желісіне қосуға мүмкіндік берілді.
Сервистік орталық пайдалануға берілгеннен кейін 70 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.