Алматы қаласы, Медеу аудандық пробация қызметі сотталған азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне және олардың қоғамда өз орнын табуына бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.
Бүгін жұмыспен қамту орталығы арқылы бөлінген квота шеңберінде пробация есебінде тұрған бір топ азамат ЖШС «Ақ тәртіп» компаниясына тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұл бастама азаматтардың түзу жолға түсіп, адал еңбек етуіне, отбасын асырап, қоғамның толыққанды мүшесі атануына үлкен мүмкіндік береді.
Басты мақсат – жазасын өтеп жүрген немесе пробация есебіндегі тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алу, оларды еңбекке баулу және әлеуметтік қолдау көрсету.
Бізбен бірге осындай маңызды іске қолдау көрсетіп жатқан ЖШС «Ақ тәртіп» компаниясының ұжымына және жұмыспен қамту орталығына алғыс білдіреміз!
Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады. Адал еңбек – жарқын болашақтың кепілі!