ҚЫЗМЕТТІК ТАҒАЙЫНДАУ

ҚЫЗМЕТТІК ТАҒАЙЫНДАУ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2026 жылғы 28 қазандағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің құрылымдық өзгерістеріне байланысты Қызылорда облысы бойынша Медициналық бақылау департаментінің басшысы лауазымына Жақсылық Жанерке Алмасқызы тағайындалды.

Жанерке Алмасқызын жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтаймыз! Алдағы қызметіне табыс, кәсіби қызметіне жоғары нәтижелер, жауапты міндеттерді жүзеге асыруда толағай жетістіктер тілейміз.

Өңірдегі медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету, халық денсаулығын қорғау және медициналық бақылау саласын одан әрі дамыту жолындағы жұмысына сәттілік серік болсын!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1323287?lang=kk