Өткен дүйсенбіде «Якорь орта мектебі» КММ базасында «Агрокласс – білім, мүмкіндік және болашақ кеңістігі» атты агросыныптың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында Қызылжар ауданының әкімі Б.К. Исманов, СҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Т.Н. Протопопова, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Т.К. Наурызбаев, М. Қозыбаев атындағы СҚУ проректоры А.Х. Нұрпейісова, «СК НИИСХ» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Ж.А. Нокушева, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері, педагогтер, оқушылар мен ата-аналар болды.
Іс-шара барысында қонақтар мектептің музей экспозициясымен, интерактивті материалдармен және оқушылардың зерттеу жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар Якорь, Вагулин және Бескөл ауылдарындағы № 2 орта мектептер базасында ашылатын агросыныптардың қызметі таныстырылды.
Аудандық және облыстық басшылықтың, білім, ғылым және ауыл шаруашылығы салаларының өкілдері құттықтау сөз сөйледі. «Алекри фирмасы» ЖШС басшысы Александр Федорович Прядко білім беру ұйымдары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның маңызды бөлігі Қызылжар ауданының әкімдігі, СҚО Білім басқармасы, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты және «Алекри фирмасы» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі болды.
Салтанатты шара жаңа агросыныпта мұғалім Замира Каримовна Шакирова өткізген химия пәнінің ашық сабағымен қорытындыланды.
Агросыныптың ашылуы – мектеп оқушылары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, оларды заманауи аграрлық технологиялармен таныстыратын және болашақ мамандардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Қызылжар ауданының білім беру саласын дамытуға қолдау көрсетіп, үлес қосқан барлық құрметті қонақтарға, ұйымдастырушылар мен әлеуметтік серіктестерге алғыс білдіреміз!