«Қауіпсіз үй»: профилактикалық жұмыстар жалғасуда

«Қауіпсіз үй»: профилактикалық жұмыстар жалғасуда
Қызылорда қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 5 қазан мен 5 қараша аралығында өткізіліп жатқан «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өз жалғасын табуда.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу.
Осы бағытта Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғалармен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруда.
Сонымен қатар, қорғау нұсқамасы шығарылған азаматтардың белгіленген талаптарды сақтауына бақылау жүргізіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылдануда.
Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет. Қоғамдық қауіпсіздік пен отбасының тыныштығын сақтау әр азаматтың жауапкершілігі!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1323281?lang=kk