Ақтауда көпбалалы аналар мемлекеттік наградалармен марапатталды

Ақтауда көпбалалы аналар мемлекеттік наградалармен марапатталды

Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Аида Садатқызы, арнайы шақырылған қонақтар және ақтаулық көпбалалы аналар қатысты.

Салтанатты рәсімде барлығы 35 ана мемлекеттік наградаға ие болды. Оның ішінде 8 анаға «Алтын алқа», 27 анаға «Күміс алқа» табысталды.

Жиында қала әкімінің орынбасары шаһар басшысының атынан марапат иелерін құттықтап, көпбалалы аналардың қоғамдағы маңызды рөлі мен ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегіне ерекше тоқталды.

Өз кезегінде марапат иелері мемлекет тарапынан көрсетілген құрметке алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1323270?lang=kk