Облыстық «Жас психолог» байқауы өз мәресіне жетті!
Байқаудың мақсаты – оқушылар арасында психологиялық мәдениетті, эмпатияны және өзара қолдау дағдыларын дамыту.
Байқауға облысымыздың ең белсенді, сезімтал және жанашыр оқушылары қатысып, жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық қабілеттерін және психология ғылымына деген шынайы қызығушылықтарын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша:
🥈 II орын – Мейрамбекова Даяна Ковалев НЖББМ
Даянаны облыстық деңгейдегі лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл үлкен жетістік! Алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!
«ЖАС ПСИХОЛОГ – 2026» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/1323269?lang=kk