«Заң мен тәртіп – ортақ жауапкершілік»

«Заң мен тәртіп – ортақ жауапкершілік»

«Заң мен тәртіп – ортақ жауапкершілік»

2026 жылғы 3 қарашада Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінде «Заң мен тәртіп – ортақ жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараны Департамент басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Б. Орманов жүргізді. Жиынға департамент қызметкерлері де қатысып, тақырып аясында өзара пікір алмасты.

Дөңгелек үстел барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың заңдылықты сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың жауапкершілігін арттыру жөніндегі ұстанымдары талқыланды.

Сонымен қатар, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің негізгі міндеттері мен қызметтік жауапкершіліктеріне тоқталды.

Кездесу барысында әрбір қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді адал әрі сапалы орындауы, заң талаптарын қатаң сақтауы, қызметтік әдеп нормаларын ұстануы және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі маңызды екені атап өтілді.

Сондай-ақ заң мен тәртіпті сақтау тек жекелеген азаматтардың ғана емес, әрбір мемлекеттік қызметшінің ортақ міндеті екені айтылды. Әр қызметкердің жауапты көзқарасы мен адал еңбегі халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1323260?lang=kk