«Орал «Зенит» зауыты» АҚ-да болған жазатайым оқиғадан кейін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы кәсіпорынға барды. Бояу жұмыстарын орындау кезінде жұмыскер құрылыс мінбесінен құлап, жарақат алған. Оқиғаның мән-жайлары мен себептері арнайы тергеп-тексеру барысында анықталуда.
Кәсіпорынға бару аясында еңбек қауіпсіздігі және осындай оқиғалардың алдын алу мәселелері бойынша жедел кеңес өткізілді.
Биіктіктегі жұмыстар мұқият дайындықты, жарамды қорғаныш құралдарын және жұмыстардың қауіпсіз орындалуын тұрақты бақылауды талап етеді.