Назарларыңызға 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудионұсқаларын ұсынамыз.
Ата Заңымыздың аудионұсқаларын ҚР Конституциялық Сотының ресми интернет-ресурсынан тыңдай аласыздар. Сілтемесі:
- https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/article/details/247111?lang=en,
- https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/article/details/248246?lang=en).
Бұл жоба конституциялық заңнамаға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, құқықтық ақпараттың қолжетімділігін арттыруға және инклюзивті ортаны дамытуға бағытталған. Ағылшын тіліндегі аудионұсқалар шетелдік аудиторияға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерімен танысуға мүмкіндік береді.