Шымкент қаласының ұстаздарынан құралған команда республикалық мұғалімдер спартакиадасында үздік нәтиже көрсетіп, қыздар арасындағы волейбол жарысында І орынды иеленді.
Тартысты бәсекеде қарсыластарынан басым түскен Шымкент құрамасы республикалық спартакиаданың чемпионы атанды.
Бұл жеңіс – ұстаздарымыздың спортқа деген құштарлығының, жоғары шеберлігінің, қажырлы еңбегі мен ұйымшылдығының нәтижесі.
Жеңіс тұғырынан көрінген спортшы ұстаздарымызды, олардың бапкерлерін және осы жетістікке үлес қосқан барша жанды шын жүректен құттықтаймыз!