Астана қаласында өтіп жатқан «Ауыл спорт» республикалық турнирінде Ұлытау ауданының футбол командасы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
«Халық» қайырымдылық қоры ұйымдастырған жарыста Ұлытау ауданының командасы өңір намысын қорғауда.
Турнирдің алғашқы ойынында ұлытаулық футболшылар Маңғыстау облысының командасымен кездесіп, қарсыластарын 2:1 есебімен жеңді.
Осылайша, Ұлытау ауданының командасы республикалық турнирді сәтті бастап, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Алдағы кездесулерде ұлытаулық футболшылар жарысты жалғастырады.