Құрметті Қосшы қаласының тұрғындары!
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін \
2026 жылғы 11 желтоқсан күні сағат 10.00-де Қосшы қаласының қоғамдық мәдени спорт кешенінде Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Қосшы қаласының халқымен кездесуі өткізіледі.
Халықпен кездесу өткізгеннен кейін мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.