Автокөлік қозғалысының уақытша шектелетіні туралы хабарлаймыз!
«Дарбаза – Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекара» теміржол желісінің құрылысы жобасы аясында Атакент елді мекеніндегі ПК1171+65 тұсында қолданыстағы теміржол өткелінің жанынан қосымша теміржол өткелін салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Қозғалыстың шектелу мерзімі:
Басталуы: 2026 жылғы 4 қараша, сағат 21:00.
Аяқталуы: 2026 жылғы 5 қараша, сағат 09:00.
Осы уақыт аралығында тұрғындар мен жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, теміржол өткелін айналып өту сызбасына сәйкес балама жолдарды пайдалануды сұраймыз.
Жұмыс жүргізілетін аумақта қауіпсіздік талаптарын сақтап, жол қозғалысын реттеушілердің нұсқауларын орындауларыңызды өтінеміз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз!
Назар аударыңыздар! Жол қауіпсіздігін сақтаңыздар!