«Ten Qogam» орталығында МӘС мәселелері талқыланды

«Ten Qogam» орталығында МӘС мәселелері талқыланды

2026 жылғы 3 қарашада Алматы қаласы Жетісу ауданының «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды қолдау әлеуметтік орталығында қызмет алушылармен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) мәселелері, мүгедектікті белгілеу және қайта куәландыру тәртібі, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер мен мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге қатысты өзекті сұрақтар талқыланды.

Іс-шараға аудан әкімдігі мен қалалық басқармалардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рима Саматова Ниязбекова қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, туындаған мәселелерді ортаға салып, мемлекеттік органдар өкілдерінен тиісті түсініктемелер алды.

Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы ашық диалогты дамытуға, халықты толғандыратын мәселелерді талқылауға және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1323140?lang=kk