Әуезов ауданында көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталды

Әуезов ауданында көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталды

Алматы қаласының Әуезов ауданында көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 13 қазандағы №1524 Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Абзал Егембердиев 16 көпбалалы анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыстады.

Атап айтқанда, жеті бала тәрбиелеп отырған 4 ана «Алтын алқа», ал алты бала тәрбиелеп отырған 12 ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі аналарды мемлекеттік наградаларымен құттықтап, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбегін, отбасы құндылықтарын нығайтудағы және қоғам дамуындағы маңызды рөлін атап өтті.

Марапаттау рәсімі аналарға көрсетілген құрмет пен ризашылықтың жарқын көрінісіне айналды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1323139?lang=kk