Түркістан қаласындағы тұрғын алаптарда инженерлік инфрақұрылымды дамыту және жолдардың жай-күйін жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Атап айтқанда, Отырар тұрғын алабындағы А. Рысбеков көшесінде кәріз жүйесінің құрылысы аяқталған учаскелердегі жол жабындарын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Ал Бекзат тұрғын алабындағы Қалаби көшесінде сарқынды су кәріз жүйесін тарту жұмыстары қарқынды атқарылуда.