2026 жылғы қарашада АстанадаДүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің(WADA) маңызды жиындары өтеді. Атапайтқанда, елордада ұйымның Атқарушыкомитеті мен Құрылтайшылар кеңесінің(Foundation Board) отырыстарыұйымдастырылады.
Халықаралық жиындарға допингке қарсы күрессаласының өкілдері, мемлекеттік органдардың, спорт ұйымдары мен ұлттық допингке қарсықұрылымдардың басшылары қатысады. Кездесулер барысында жаһандық допингке қарсы жүйенідамыту, таза спорт қағидаттарын нығайту жәнехалықаралық ынтымақтастықты кеңейтумәселелері талқыланады.
Күн тәртібінде Дүниежүзілік допингке қарсыкодексті іске асыру, нормативтік-құқықтық базаныжетілдіру, білім беру және ғылымибағдарламаларды дамыту, сондай-ақ допингкеқарсы күрестің тиімділігін арттыру мәселелеріқаралады.
Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастық кейінгі жылдары жаңа деңгейге көтерілді. 2025 жылғы қазанда агенттік президенті Витольд Банька Қазақстанға тарихи сапар менкеліп, Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевпен кездесті. Сапар барысында Витольд Банька Қазақстанда спортты дамытуға қосқан үлесіүшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2026 жылғы 22 наурызда өзара түсіністік туралымеморандумға қол қойылды. Құжатқа ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен WADA президенті Витольд Банька қол қойды. Келісім допингке қарсы білім беруді дамытуға, допинг ережелерін бұзудың алдын алуға, ғылымизерттеулер жүргізуге және халықаралық тәжірибеалмасуға бағытталған.
Осылайша, мұндай жоғары деңгейдегіжиындардың Қазақстанда өтуі еліміз бен WADA арасындағы серіктестіктің жүйелі түрде дамып кележатқанын көрсетеді.
Ұлттық допингке қарсы жүйені дамыту – Қазақстанның мемлекеттік спорт саясатыныңмаңызды бағыттарының бірі. Халықаралықкездесулер ұлттық допингке қарсы ұйымдар мен әлемдік спорт құрылымдары арасындағы кәсібитәжірибе алмасуға, өзара іс-қимылды нығайтуғажәне бірлескен бастамаларды дамытуға мүмкіндікбереді. Сонымен қатар бұл жиындар Қазақстанда ғана емес, жалпы Орталық Азия өңірінде допингке қарсы күрес жүйесін жетілдіруге және таза спорт қағидаттарын ілгерілетуге ықпал етеді.
Анықтама үшін:
WADA Құрылтайшылар кеңесі – агенттіктің жоғары басқару органы. Оның құрамына олимпиадалық қозғалыс пен мемлекеттік билік органдарының өкілдері кіреді. Кеңес ұйымның стратегиялық даму бағыттарын айқындап, халықаралық допингке қарсы саясатқа қатысты негізгі шешімдерді қабылдайды. Ал Атқарушы комитет агенттіктің қызметіне басшылық жасап, Құрылтайшылар кеңесінің айрықша құзыретіне кірмейтін басқарушылық шешімдерді қабылдайды.