ЖЕЗҚАЗҒАНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

ЖЕЗҚАЗҒАНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

 

 

Жезқазған қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізілді.

Қала әкімдігі мен Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері бірлесіп, «Ризық», «Ақтоты» және «Шаруа» базарларындағы әлеуметтік бұрыштардың жұмысын зерделеді.

Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы, сауда орындарындағы қолжетімділігі және әлеуметтік бұрыштардың тауарлармен қамтамасыз етілуі назарға алынды.

Сондай-ақ кәсіпкерлерге бағаны негізсіз көтеруге жол бермеу, белгіленген сауда үстемесін сақтау және әлеуметтік бұрыштардағы азық-түлік қорын уақытылы толықтырып отыру қажеттігі түсіндірілді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау және тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhezkazgan/press/news/details/1323124?lang=kk