Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымының басталуына байланысты профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, тұрғын үйлерге улы газдан қорғайтын датчиктер орнатылды.
Сондай-ақ арнайы мамандар мұржаларды тазартып шықты.
«Қазіргі уақытта Нұра ауданындағы Үркер шағын ауданында жылыту маусымына орай аудан әкімдігінің өкілдерімен бірге профилактикалық мақсатта аралап шықты. Жылдың басынан бері бұл ауданда 100-ден астам көмір қышқыл газы және түтін датчиктері орнатылған. Тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз», – деді Нұра ауданында Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Нұрмаханбет Диас.