Сәтбаевта облыс әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі өтеді

4 қараша күні сағат 11:00-де Ұлытау облысының әкімі Есет Байкеннің Сәтбаев қаласының тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу Сәтбаев қаласындағы Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында ұйымдастырылады. Мекенжайы: Сәтбаев даңғылы, 106.

Кездесу барысында өңір басшысы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдайды.

Кездесуден кейін облыс әкімі, облыстық басқармалар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің басшылары өзекті мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдайды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-satpaev/press/news/details/1323109?lang=kk