Өңірде техниканың, бөлімшелер мен қызметтердің қысқы төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығы бағаланды.
Солтүстік Қазақстан облысында қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға арналған арнайы техниканың дайындығына байқау жүргізілді. Іс-шара барысында көліктердің техникалық жай-күйі, жабдықталуы және бөлімшелердің жедел әрекет етуге дайындығы тексерілді.
Жедел ден қою үшін 999 техника мен 1 863 жеке құрамнан тұратын күштер мен құралдар тобы жасақталды. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің тұрақты дайындықта 58 бірлік жоғары өтімді техникасы бар. Бұл техника облыс аумағында тиісті түрде орналастырылған. Ауа райы жағдайы нашарлаған жағдайда Департаменттің Дағдарыс орталығы базасында мүдделі мемлекеттік органдар мен қызметтердің қатысуымен облыстық жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылады.