САРЫАҒАШ: АРМАН АБДУЛЛАЕВ ДЕРБІСЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

САРЫАҒАШ: АРМАН АБДУЛЛАЕВ ДЕРБІСЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ашық форматта пікір алмасты. Сарыағаш ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы уақытта жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын айтты.
 
- Әрбір мәселенің шешу жолдарын қарастырып, шаралар қабылдаймыз. Барлық жұмыстар кезең - кезеңімен, маңыздылығына байланысты жүзеге асады. Сондықтан, құрғақ уәде бере алмаймын. Айтылған мәселелер орынды. Алдағы уақытта ауданды әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту жұмыстары қарқынды жалғасатын болады, – деді Арман Абдуллаев.
 
Жиын барысында ауыл тұрғындары тарапынан ауыз су және өзге де әлеуметтік мәселелер көтеріліп, қойылған сұрақтарға заң аясында тиісті жауаптар берілді.
 
Алдыңғы кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша Дербісек ауылдық округінде де бірқатар жұмыстар атқарылды.
 
Атап айтқанда, Дербісек елді мекеніндегі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірқатар көшелерді жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жерасты су ұңғымасынан негізгі су қоймасына дейін су құбыры тартылып, елді мекен ауыз сумен қамтылды. Бейбітшілік көшесіндегі көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 57, 54 және 53-тармақ каналдары мен «Тоболин-Киров» қашыртқысында механикалық тазалау жұмыстары атқарылды.
 
Атамекен елді мекенінде Ж.Қойбағаров көшесіне жарық шамдары орнатылып, көшені жарықтандыру жұмыстары жүзеге асырылды. Бұдан бөлек, әлеуметтік қолдау шаралары аясында мұқтаж отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Кездесуден кейін, аудан әкімі А.Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, талап-тілектерін тыңдалды.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1323091?lang=kk