Ұнды байыту — анемия деңгейінің өсу мәселесін шешу жолдарының бірі.

Ұнды байыту — анемия деңгейінің өсу мәселесін шешу жолдарының бірі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қазандағы № ҚР ДСМ-176/2020 бұйрығымен бекітілген, міндетті түрде байытылуға (фортификациялануға) жататын тамақ өнімдерін байыту және олардың нарықтық айналымы қағидаларына сәйкес, «Қазақстан Республикасы аумағында сатуға арналып өндірілген, нан пісіруге пайдаланылатын бидай ұны (атап айтқанда, "жоғары" және "бірінші" сұрыпты ұн) құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен және басқа да заттармен міндетті түрде байытылуға (фортификациялануға) жатады».

Ұнды байыту одан жасалған өнімдердің тұтынушылық қасиеттеріне ешқандай нұқсан келтірмейді, сондай-ақ олардың құрамындағы басқа қоректік заттардың мөлшерін немесе сіңімділігін төмендетпейді; бұған қоса, ол өнімдердің дәмін, хош иісін немесе балғындығын айтарлықтай өзгертпейді, әрі олардың сақталу мерзімін немесе жарамдылық мерзімін қысқартпайды.

Азық-түлік өнімдеріне микронутриенттерді қосу белгіленген рецептуралар мен техникалық нұсқаулықтарға сәйкес, өнім құрамындағы олардың мөлшері жөніндегі ғылыми негізделген профилактикалық нормаларға сай жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өткен жөн. Ингредиенттердің біркелкі араласуына дәл мөлшерлеу, микронутриенттерді өнімге үздіксіз енгізу және араластыру ұзақтығын бақылау арқылы қол жеткізіледі; бұл процесс дайын байытылған өнімді қаптау кезеңіне дейін жалғасады.

Ұн мен нан-тоқаш өнімдерін таңдаған кезде тек олардың сұрыпы мен сапасына ғана емес, сонымен қатар денсаулығымыз үшін маңызды дәрумендер мен минералдармен байытылған-байытылмағанына да назар аудару қажет. Өндірушілер өнімнің заттаңбасында ұнның байытылғаны туралы ақпаратты көрсетуге міндетті.

Денсаулықты жақсарту мақсатында тағам өнімдерін дайындау кезінде байытылған ұнды пайдалану ұсынылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-novotroisk/press/news/details/1323078?lang=kk