«Арман» балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы оңалту қызметтерінің қосымша түрлері туралы

«Арман» балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы оңалту қызметтерінің қосымша түрлері туралы

«Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қайырымдылық көмегі аясында «Арман» Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығына заманауи технологияларды қолдана отырып, қызмет алушылардың қозғалыс функцияларын қалпына келтіруге көмектесетін мамандандырылған жабдықтар табысталды.

Орталық «Корвит» тірек жүктемесін имитациялау аппараты және қол басы мен саусақтардың функцияларын қалпына келтіруге арналған роботтандырылған қолғаптар сияқты жабдықтың екі түрін алды.

«Корвит» аппараты нейрооңалтуда табанның табиғи тірек реакцияларын модельдеу және бас миының қозғалыс орталықтарын ынталандыру үшін қолданылады. Роботтандырылған қолғаптар қол басы мен саусақтардың қозғалыс функцияларын қалпына келтіруге көмектеседі.

Жаңа жабдық балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оңалту рәсімдерінің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/1323077?lang=kk