Түркістан облысында есірткі жарнамасына қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, көпқабатты тұрғын үйлердің сыртындағы заңсыз жазбалар жойылды. Мәселен Кентау қаласында полиция қызметкерлері тұрғын үйлердің қабырғаларына жазылған есірткі сатуға қатысты Telegram арналарының жарнамаларын анықтап, өшірді.
Полиция басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері осындай заңсыз жазбаларды жоюға бағытталған бес профилактикалық іс-шара өткізілген. Оның нәтижесінде есірткі жарнамасы мен вандализм сипатындағы 46 граффити жазбасы өшірілген.
Полиция бұл бағыттағы жұмыстардың басты мақсаты тек қала көшелерін заңсыз жазбалардан тазарту емес, сонымен қатар тұрғындарды, әсіресе жастарды есірткі саудасы мен нашақорлықтың зардабынан қорғау екенін атап өтті. Құқық қорғау органдары алдағы уақытта да есірткі жарнамаларын анықтау және жою жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратын болады.