2026 жылғы 3 қарашада Атбасар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау жөніндегі шарттардың орындалуына камералдық бақылау жүргізу мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері, сондай-ақ Атбасар, Жарқайың, Сандықтау және Жақсы аудандарының басшылары мен мамандары қатысты.
Семинар барысында бюджеттік мониторингті онлайн режимде жүргізу, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану, мемлекеттік сатып алу шарттарын орындау кезінде бұзушылықтардың алдын алу және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Баяндамалар қорытындысы бойынша қатысушыларға камералдық бақылаудың өзекті мәселелері бойынша практикалық түсіндірмелер берілді.