Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу, әлеуметтік көмек алу, сондай-ақ Еңбек ауылына қатынайтын қоғамдық көліктердің санын арттыру мәселелерін көтерді.

Қала әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеді. Әрбір сұрақ бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын тұрақты бақылауға алу тапсырылды.

- Халықпен ашық диалог орнатып, әрбір тұрғынның мәселесіне бейжай қарамау біздің басты міндетіміз. Көтерілген барлық сұрақтар бақылауда болады және кезең-кезеңімен өз шешімін табады, – деді қала әкімі Ернат Бәзіл.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1323063?lang=kk