Қапал ауылдық округінде балалардың, жасөспірімдердің, жастардың және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Қапал ауылдық округінде балалардың, жасөспірімдердің, жастардың және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Қапал ауылдық округінде балалардың, жасөспірімдердің, жастардың және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жұмыстар аясында Қапал ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан шаруа қожалықтарының басшыларымен ауыл шаруашылығы жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, балалар мен жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру шаралары ұйымдастырылуда.

Профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалану, жөндеу, егістік алқаптарында және басқа да өндірістік жұмыстарды орындау барысында орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау.

Түсіндіру жұмыстары барысында шаруа қожалықтарының басшыларына ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу және пайдалану кезінде балалардың жұмыс аймағында болуына жол бермеу, далалық жұмыстар барысында олардың техникаларға жақын жүруіне қатаң тыйым салу қажеттігі ескертілді.

Сонымен қатар, кез келген ауыл шаруашылығы техникасын іске қосар алдында оның техникалық жағдайын тексеріп, айналасында балалардың, жұмысшылардың және бөгде адамдардың жоқтығына көз жеткізу, еңбек және техника қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.

Шаруа қожалықтарының басшыларына өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс барысында белгіленген қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау және қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша жауапкершілік жүктелетіні түсіндірілді.

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жазатайым оқиғалардың алдын алу және қауіпсіз ортаны қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Қапал ауылдық округі әкімінің аппараты шаруа қожалықтарының басшыларын, ауыл тұрғындарын және барлық азаматтарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға, балалар мен жастардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға және профилактикалық жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-qapal/press/news/details/1323057?lang=kk