«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға сәйкес, 2026 жылғы 1 қараша күні Көксу ауданы Лабасы ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді. 🗳️ Сайлау нәтижесінде Сейтжанов Біржан Бекайдарұлы округ тұрғындарының сеніміне ие болып, Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 2 қарашадағы №17 шешімі негізінде Лабасы ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 2023 жылдан бастап Лабасы ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді. 🤝 Осыған орай аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлы Лабасы ауылдық округіне барып, Біржан Бекайдарұлын жаңа қызметіне кірісуімен құттықтап, ауыл активіне таныстырды. Кездесу барысында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды дамыту және халықпен тығыз байланыста жұмыс жүргізу бағытындағы міндеттерге тоқталып, алдағы жұмысына табыс тіледі.
ЛАБАСЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-labasy/press/news/details/1323047?lang=kk