Бүгін, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында Іле ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалымен Алматы облысының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесудің негізгі тақырыбы сот актілерін мүлікті тәркілеу бөлігінде орындау, сондай-ақ сот шешімдерін орындаудың әртүрлі кезеңдерінде уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мәселелері болды.
Іс-шара барысында мүлікті тәркілеу туралы сот актілерін орындау кезінде туындайтын өзекті мәселелер, тәркіленген мүлікті беру және одан әрі басқару тетіктері, сондай-ақ бірлескен жұмысты жетілдіру жолдары қаралды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып, атқарушылық іс жүргізудің тиімділігін арттыруға, сот актілерінің уақтылы әрі тиісінше орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарын білдірді.