Ұлытау облысында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақтың кепілі» атты форум өтті

Форумның мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардыңалдын алу және заңға деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Ауқымды іс-шараға білім беру ұйымдарының 9–11-сыныптарында оқитын 600-ге жуық оқушы, сондай-ақ құқыққорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Форум барысында заңдылықты сақтау, қоғамдық қауіпсіздік, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңғақайшы әрекеттер үшін жауапкершілік мәселелері талқыланды.

Азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жастардың рөліне жәнеқауіпсіз қоғам қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Іс-шара бағдарламасы аясында үгіт-насихат тобының тақырыптық қойылымы, оқушылардың құқық саласындағыбілімдерін тексеруге мүмкіндік берген Kahoot интеллектуалды ойыны ұйымдастырылып, патриоттық әндерорындалды.

Форум жастар мен мемлекеттік органдар және құқық қорғау саласы өкілдері арасында ашық диалог орнатуғамүмкіндік беретін алаңға айналды.

Іс-шара құқықтық мәдениетті нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және өскелең ұрпақтың бойында заңға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етуде.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau/press/news/details/1323038?lang=kk