2 қарашада Астана қаласы бойынша МКД басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Азамат Нұрлыбеков Байқоңыр, Алматы, Сарайшық және Сарыарқа аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлерімен кеңес өткізді.
Кеңестің тақырыбы: «Салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау».
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен қызметтік әдеп талаптарын сақтау, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол бермеу мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша қызметтік міндеттерді орындау кезінде де, қызметтен тыс уақытта да Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау, адалдық, бейтараптық және кәсіби әдеп қағидаттарын ұстану қажеттігі атап өтілді.
Мемлекеттік қызметтегі ашықтық, адалдық және әдеп мәселелеріне арналған кеңес өтті
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1323015?lang=kk