Қоғамдық кеңестің отырыстары

Қоғамдық кеңестің отырыстары

Ағымдағы жылғы қазан айында Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Равиль Сиреньевич Садыковтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырыстары өтті, онда «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында 2027 жылы оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін төмендету туралы» және «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің 2026 жылғы 9 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы» сұрақтары қарастырылды.

Отырыс жұмысына мәслихат аппаратының  басшысы Гүлбаршын Қамзақызы Жаңбыршина, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Әсел Оралтайқызы Әубәкірова, аудан әкімдігінің ұйымдастыру-бақылау жұмысы бойынша құрылымдық бөлімшенің бас маманы Светлана Степановна Климова және мемлекеттік органдардың басшылары өкілі қатысты.

Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің жұмысы туралы баяндамамен бөлім  басшысы Жанат Құрмағалиұлы Жүсіпов сөз сөйледі.   Ол жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуде пайдаланылатын ақпараттық жүйелер, Мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері және көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру үшін қандай шаралар қолданылатыны туралы хабардар етті.

Қоғамдық кеңес мүшелері баяндамашыға сұрақтар қойды: электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі проблемалар бойынша, бас тарту себептері туралы және басқалар. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

Ә.О. Әубәкірова Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөліміне қатысты шағымдар жоқ екенін, бірақ сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында 2027 жылы оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін төмендету туралы сұрағы бойынша Ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімінің басшысы Рүстем Жанатұлы Дюсембеков  хабарлады.

Қоғамдық кеңеспен тиісті ұсынымдар берілді.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/1323005?lang=kk