Қазақстанның 35-тен астам сайд-ивенті мен негізгі климаттық бастамасы: Антальяда өтетін COP31 конференциясында ұлттық павильон таныстырылады

Қазақстанның 35-тен астам сайд-ивенті мен негізгі климаттық бастамасы: Антальяда өтетін COP31 конференциясында ұлттық павильон таныстырылады

БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі 31-конференциясы (COP31) аясында Қазақстанның ұлттық павильонында 35-тен астам тақырыптық іс-шара (сайд-ивент) өтеді. Конференция 2026 жылғы 9–20 қараша аралығында Түркияның Анталья қаласында ұйымдастырылады.

Қазақстанның ұлттық павильоны елдің климаттық бастамаларын таныстыруға, жасыл технологияларды ілгерілетуге, инвестициялар тартуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған халықаралық алаңға айналады. Климаттық міндеттемелерді нақты экономикалық шешімдер мен практикалық жобаларға айналдыру тақырыбына басымдық  беріледі.

Бағдарлама аясында Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) Қазақстанның климаттық инвестициялар мен жасыл технологиялар саласындағы өңірлік хаб ретіндегі ұстанымын нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды бастамаларды таныстырады.

Олар:

- QCIP – Қазақстанның климаттық инвестициялар платформасы. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі және Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) бірлескен, климаттық инвестицияларға арналған бірыңғай ұлттық платформаның таныстырылымы.

- Халықаралық көміртек нарығы (Париж келісімінің 6-бабы). Verra, Evident және «Жасыл даму» АҚ-ның қатысуымен халықаралық көміртек мәмілелерінің тетіктерін ілгерілету және тиісті инфрақұрылымды дамыту.

- Климаттық ашықтық (ETF). Климаттық есептілік жүйесін енгізу, екі жылдық ашықтық туралы баяндамаларды (BTR) дайындау және БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының (БҰҰ КӨНК) Хатшылығымен және БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) әріптестікте CBIT жобасын іске қосу.

Қазақстан павильонының бағдарламасында мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, бизнес өкілдері мен сарапшылар қауымдастығы бас қосады. Қатысушылар климаттық қаржыландырудың перспективаларын, өнеркәсіпті декарбонизациялау, көміртегі нарығын дамыту және инновациялық экологиялық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылайды.

COP31-ге қатысу Қазақстанға халықаралық аренада қол жеткізген жетістіктері мен жаңа жобаларын таныстыруға, шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты кеңейтуге және елдің жасыл экономика саласындағы инвестициялық әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1322996?lang=kk