Аудан әкімінің міндетін атқарушы Арман Маратұлы Қабаев азаматтарды жеке қабылдады

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Арман Маратұлы Қабаев азаматтарды жеке қабылдады

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Арман Маратұлы Қабаев азаматтарды жеке қабылдады

Бүгін Алакөл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Арман Маратұлы Қабаев азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерге қатысты өтініштерін жеткізді. Әрбір мәселені мұқият тыңдаған аудан әкімінің міндетін атқарушы қолданыстағы заңнама аясында оларды шешу жолдарын түсіндіріп, тиісті қолдау көрсетілетінін айтты.

Көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауда ұстау міндеттелді.

Азаматтарды жеке қабылдау – тұрғындардың талап-тілегін тікелей тыңдап, өзекті мәселелерді уақытылы қарастырудың маңызды тетігі. Мұндай қабылдаулар бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1322994?lang=kk